қазақша · русский · english
   
  Main  News
08.09.2020

«Тегін заңгерлік кеңес беру»

қайырымдылық акциясы өз жалғасын табады

 

Қазақстан Республикасының Конституциясының 25 - жылдығына орай, 2020 жылдың 27 тамызы күні Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен мүгедектерге тегін құқықтық кеңес беруниетімен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Алматы қаласы, Медеу аудандық филиалына қарасты «Абай» бастауыш партия ұйымының төрағасы Такир Оспанұлы Балықбаевтың бастамасымен қайырымдылық акциясы өз бастауын алды.

 

Аталған іс-шараны ұйымдастырушы «Құқықтану» кафедрасының мақсаты - «Адамның шын мағынасындағы білімді болу үшін үш қасиет қажет - кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім»-деп Н.Чернышевский айтқандай, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету, азаматтардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, сонымен қатар, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру .

 

Қайырымдылық акциясы кезінде құқықтық көмек алған азаматтардың аты-жөні тіркеліп, кафедра бойынша есеп берілді. Оның ішінде, олардың жартысынан астам азаматтар алдын-ала жазылу арқылы кеңес алса, қалғаны Қарағанды, Павлодар, Атырау, Шымкент қалаларының тұрғындары тікелей телефон арқылы хабарласып, әлеуметтік көмек, мүгедектігі бойынша тағайындалатын жәрдемақы туралы, тұрғын-үй мәселесі бойынша жаңа бағдарламалар жөнінде құқықтық кеңестер алды.

 

«Қайыр қылсаң - бүтін қыл» - демекші, болашақта «Құқықтану» кафедрасының білікті мамандары тегін құқықтық көмек беру шараларын жоспарлы түрде, жаңа жетістіктермен, нық сеніммен ары қарай жалғастыратын болады.

 

   

 

   

 

   

 

Құқықтану кафедрасы