Main
News
06.10.2020 Қылмыстық іздестіру бөлімінің 102 жылдығына арналған дөңгелек үстел
2020 жылдың 5 казанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институтының Құқықтану кафедрасы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментімен және М.Есболов атындағы ІІМ Алматы академиясының ҒЗО-мен бірлесіп, Қылмыстық іздестірудің құрылғанына 102-жыл толуына орай, «Жедел-іздестіру қызметі: тарихы, қазіргі жағдайы және даму үрдістері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Талқылау барысында Қазақстан Республикасындағы жедел-іздестіру қызметін дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары көтерілді. Дөңгелек үстел жұмысына Құқықтану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, студенттер белсенді қатысты. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша материалдар жинағын шығару жоспарланды.
Құқықтану кафедрасы |