қазақша · русский · english
   
  Main  News
06.11.2020

«Карантинные человечки» кітабының авторларымен онлайн-кездесу

 

2020 жылдың 5 қарашасында Филология және көптілді білім беру инcтитутының орыс тілі және әдебиеті кафедрасында қазақстандық авторлар, балалар жазушылары, «Карантинные человечки» повесті үшін «Алтын қалам-2020» жүлдесін иеленген Елена Клепикова және Ксения Земсковамен онлайн-кездесу өтті.


Кездесу «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы, 2 курс магистранты Анастасия Кириенконың педагогикалық практика аясында ұйымдастырған, семинар форматында өтті. Кездесуге студенттер, магистранттар, докторанттар, Абай атындағы ҚазҰПУ орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары және М. Х. Дулати атындағы Тараз аймақтық университетінің орыс филология кафедрасы қатысты. Кездесу барысында жазушылардың бірігіп авторлық жұмыс жасауының мәселелері, балалар кітаптары мен карантин мерзіміндегі шығармашылық, жазушылық жағдайы қызу талқыланды.