Main
News
15.12.2020 «Байырғы түркі тілі мен әдебиетін зерттеу мәселелері» дөңгелек үстелі
Онлайн-конференцияның ашылуында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов, Түркия мемлекеттік Tүрік тілі қоғамының президенті Гүрер Гүлсевин мырзалар қатысып, сөз сөйледі.
Іс-шара барысында Немат Келімбетов атындағы Түркітану орталығының ғылыми қызметкерлері Шерубай Құрманбайұлы мен Мәрлен Әділовтің «Абай тілінің ерекшеліктері» жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітапта Абай шығармаларындағы қазіргі қазақ әдеби тілінде кездеспейтін немесе өте сирек қолданылатын тілдік ерекшеліктер морфологиялық, фонетикалық және лексикалық айырмашылықтар тұрғысынан қарастырылған.
Халықаралық жиында Шәкір Ыбыраев ф.ғ.д., проф. (Қазақстан); Мехмет Өлмез проф., докт. (Түркия); Ташполот Садықов ф.ғ.д., проф. (Қырғызстан); Темірхан Тебегенов ф.ғ.д. проф. (Қазақстан); Журақузиев Нодирбек PhD докт., доц. (Өзбекстан); Елчин Ибрахимов PhD докт., доц. (Әзербайжан) сынды түрколог ғалымдар көне түркі тілі мен әдебиетінің мәселелеріне қатысты ғылыми баяндамалар жасады.
|