Main
News
15.02.2021 «Цифрлық педагог» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді
Тестілеу орталығының басшысы Даража Исабаева курс тыңдаушыларын Dig Comp Edu оқытушылардың цифрлық құзыреттілігінің әр түрлі бағыттарымен таныстырды: -кәсіби педагогикалық ортада цифрлық технологияны қолдану; - цифрлық білім беру ресурстарын іздеу, құру және бөлісу бойынша кәсіби дағдыларды дамыту; - оқытушыларға цифрлық құралдарды оқыту мен оқуда қолдану үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру; - оқытудың нәтижелерін бағалаудың цифрлық құралдарын білу; - білім алушылардың білім беру мүмкіндіктерін кеңейту үшін цифрлық құралдарды қолдану.
Тәжірибелік сабақтарда қашықтан оқыту курсын құрастыруды жеке және топтарда талдап, өз сабақтарында цифрлық ресурстарды қолдануға машықтанды.
|