қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.02.2021

Цифрлық форматтағы филолог

 

2021 жылдың 22 ақпанында Климент Охридский атындағы София университеті (Болгария) мен Абай атындағы ҚазҰПУ арасында іске асқан екіжақты келісім аясында «Цифрлық форматтағы филолог» халықаралық интерактивті вебинар ұйымдастырылды.

 

Аталмыш іс-шараны Абай университетінің ғылыми жұмыс және ақпараттандыру жөніндегі проректоры Саябек Сахиев құттықтау сөзбен ашты.

 

Вебинар модераторлары міндетін постдокторант Баян Сапарғалиева мен София университетінің Халықаралық бағдарлама үйлестірушісі, Әл-Фараби Ғылыми-білім беру және мәдени орталығының директоры Виолетта Добичина атқарды. Цифрлық вебинардың техникалық қолдауын Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының магистр оқытушысы Ерлан Самбетов жүргізді.

 

София университетінің Классикалық және заманауи филология факультетінің деканы, профессор Мадлен Данова «Шетел әдебиеті және шет тілдерін оқытудың заманауи әдістемесі» тақырыбында баяндама жасады. Университетіміз атынан Филология және көптілді білім беру институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры Забира Ешимбетова «Филологиядағы цифрлық технологиялар» тақырыбында баяндама жасады.

 

Вебинар жұмысына Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан жоғары оқу орындарының 100-ге жуық тыңдаушылар мен арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Атап айтқанда, Тәжік мемлекеттік университеті, Бұхара мемлекеттік университеті мен Қырғыз ұлттық университеті өкілдері қатысты. Сонымен қатар Ж. Баласағұн атындағы Ыстықкөл мемлекеттік университетінен Қ.Тыныстанова, Ала-ЖШС Халықаралық университеті мен Ұзген халықаралық колледжі; Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінен Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті. М. Әуезов атындағы Азаматтық авиация академиясы өкілдері мен ҚазҰПУ оқытушылары мен студенттері қатысып, қызығушылық танытты. Халықаралық вебинарға қатысушылар білім беруді цифрландыру мен оқытудың жаңа әдістемелері жайында, оқытуды неғұрлым жоғары деңгейге шығаруға көмектесетін жаңа, сонымен қатар қарапайым тәсілге көшу қажеттілігі туралы сөз қозғап, жекелеген ортақ пікір мен ұсыныстарын білдірді. Вебинарда қазіргі мұғалімның өз міндетін сапалы атқаруы үшін оқытушының ролін арттыру, өз бетінше шығармашылық жұмыс істеуге ынталандыру, шығармашылық ойлауды дамытудың маңызды тұстарына тоқталды. Жастарға үздіксіз білім берудің өзекті тұстары сөз болды. Заман сұраныстарына жауап бере алатын оқытушыларды даярлау ісі өз жалғасын таба беретіндігі айтылып, семинар соңында қатысушылар бір-біріне деген құрметтерін білдірді. Осындай өзекті тақырыпты қозғайтын басқосуларың аса пайдалы екендігін атап өтіп, тұрақты түрде өткізілуінің зәру де қажетті іс екендігіне назар аударды.