қазақша · русский · english
   
  Main  News
08.07.2016

 

«Астана күніне» орай «Балалық шағымның аспаны» атты 

фильм көрсетілімі ұйымдастырылды

 

2016 жылдың 6 шілдесі күні университетіміздің №2 жатақханасында еліміздің бас қаласы «Астана күніне» және Қазақстан Республикасының Президентті Н.Ә.Назарбаевтың туған күніне орай  студент жастардың арасында ұлтжандылық, елбасына деген құрметтерін арттыру мақсатында режисер Рүстем Әбдірәшевтің «Балалық шағымның аспаны» атты көркем фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды.

Фильм негізі Нұрсұлтан Әбішұлының шынайы өмір жолын баяндайтын шығармалар желісі негізінде түсірілген. Елбасымыздың кең тарапты өмір атты жолындағы алғашқы жеңістері мен көңілі қалған сәттерін, жүректегі үміт оты мен арманға толы жан-дүниесін әсерлі бейнелей отырып, елбасының тұлға ретінде қалыптасуын баяндайтын көркем фильм өзінің әсемділігімен көз тартатыны көрермен студенттердің оң пейілі байқатты.

Көрсетілімге университетіміздің жазғы маусымда Студенттік құрылыс жасағы және «Жасыл ел» еңбек жасақтарына уақытша жұмысқа қабылданған студенттері қатысып, фильм туралы ой бөлісіп, кызу талқылауға түсті.

Іс шара соңында пікір алмасу мен көзқарас бөлісі мақсатында көрермендер арасында сұрақтар қойылып, егемен еліміздің жетістіктері туралы насихат айтылды.

 

Жастар ісі жөніндегі комитет