қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.03.2021

«Болашақ» президенттік стипендиясының білікті
30 түлегі» интерактивті кездесуі

 

2021 жылдың 4 наурызы күні ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы кітапханасы және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік Қоғамымен бірлескен «Болашақ» президенттік стипендиясының білікті 30 түлегі» атты интерактивті кездесуі өтті. Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған шараға «Болашақ» президентртік бағдарламысы бойынша шетелдік ЖОО білім алып, жоғары жетістіктерге жеткен 30 қыз-келіншек қатысты.


Кездесу Елбасы кітапханасының «Ұлы дала тарландары» жобасы аясында ұйымдастырылды. Шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат, ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Нұргүл Мәуберлинова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Қарбозова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, т.б. қатысты.


Кездесуде «Болашақ» бағдарламасынан түлеп ұшқан білікті арулар сөз сөйледі. Олардың қатарында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онколог-маммологы Назгүл Омарбаева, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ президенті Әсем Мамытова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ақмолалық филиалының директоры Белла Газдиева, «Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» АҚ басқармасының төрағасы, ректор Гүлзада Шакуликова, Назарбаев Университетінің инновацияларды дамыту департаментінің аға менеджері Дәмелі Мектепбаева, BI Group Жобалау басқармасы департаментінің су тарту және сумен қамту жетекші инженері Ирина Мун болды.


Онлайн режимінде өткен шараға «Болашақ» стипендиясымен шетелде білім алып жатқан жастар мен еліміздегі 10 жетекші жоғарғы оқу орындарының белсенді студенттері.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атынан тәрбие ісі және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ишпекбаевжәне университетіміздің белсенді жастары қатысып, болашақтықтарға сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптарын алды.


Университет жастары интерактивті кездесудің басты ұйымдастырушысы Елбасы кітапханасы ұжымына шексіз алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі департамент