қазақша · русский · english
   
  Main  News
10.03.2021

«Әйел - әлем анасы» мерекелік іс-шара


Бүгінде университет қабырғасында 1960 қызметкерлер мен профессор-оқытушылар құрамы болса, солардың 75 пайыз үлесі әйелдер қауымы. Жастар тәрбиесі мен олардың білім алуына әйелдер қауымы зор үлес қосып, еліміздің жарқын болашағының берік негізін қалап келеді.


2021 жылдың 5 наурызы күні халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Әйел - әлем анасы » салтанатты шара өтті. Шара офлайн және онлайн аралас форматында өткізілді.


Университетіміздің әйелдер қауымын көктем мерекесімен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев құттықтады.


Шара барысында жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары мен жемісті еңбегі үшін Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен, Университеттің қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны және қажырлы еңбегі үшін «Құрметті қызметкер» төсбелгісімен «Ұлы дала тұлғалары» орталығы жетекшісінің орынбасары Данагүл Мұқатова, Қаржы-экономика департаментінің директоры - бас бухгалтер Тамара Сапарбаева марапатталды. Сонымен қатар, «Үздік ұстаз» төсбелгісімен - 7, «Үздік қызметкер» төсбелгісімен - 9, Университет ректорының «Құрмет грамотасымен» - 7, Университет ректорының «Грамотасымен» - 6 профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлер марапатталды.


Мерекелік шара аясында жастар арасында белсенділігімен ерекшеленген 13 студент-қыздар университет ректорының алғыс хатымен марапатталды.


Солардың қатарында, жуырда ғана Талдырқорған қаласында әйелдер арасында самбо күресінен 80 кг салмақта Қазақстан чемпионатында І орынды жеңіп алған Өнер, мәдениет және спорт институтының 2 курс студенті Абенова Арайлымда болды.


Ресми шара қазақ эстардасының жұлдыздары және университет өнерпаздарының қатысуымен концерттік бағдарламаға ұласты. Сахна шымылдығын «Қоңыр» этнотобы әуезді әнімен ашты. Концерттік бағдарламада «Менің пірім - Сүйінбай» айтысының жүлдегерлері, университетіміздің студенттері Данияр Нысанғалиев және Алтынай Қанапия «Қыз бен жігіт айтысын» көпшілікке ұсынды. Шара қонақтары Қазақ дауысы жобасының жеңімпазы Сейіт Сауатай, қазақ эстрадасының жас жұлдызы Бекбергенов Азамат көрермендерді керемет орындауларымен тамсандырды. Концерттік бағдарлама барысында «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, университет түлегі Тамара Асар, «Алатау серілері» тобы онлайн құттықтауларын жолдады.


Өнер, мәдениет және спорт институтының студенті, республикалық байқаулардың жүлдегері Олеся Хоменконың орындауындағы «Мамины глаза» әні барша нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты департаменті