қазақша · русский · english
   
  Main  News
31.08.2016

Республика бойынша да, Алматы қаласы бойнша да екінші (Алтын) орын

 

2014-2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының жалпы мемлекеттік рейтингісі шығарылды. Статистикалық ранжирлеудің нәтижесі бойынша «Абай атындағы Қазақ  ұлттық педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесі "Өткен жылдың қаржы қайтарымы" аталымы бойынша Қазақстан Республикасында екінші (алтын) орынға, және Алматы қаласы бойынша да екінші (алтын) орынға ие болды.

Білім саласы бойынша Республиканың 50 ТОП көшбасшы кәсіпорындары арасында бұл өте жоғары көрсеткіш деуімізге болады. Университетке «Сала көшбасшысы» мәртебесі берілді.

Аталған марапат Алматыда Қазақстан Республикасы мен Ұлттық рейтингі одағына қатысушы елдер (Ресей, Беларусь, Украина, Әзербайжан, Грузия, Армения, Өзбекстан) өкілдерінің қатысуымен өткен Халықаралық бизнес-конференцияда тапсырылды. Экономика көшбасшыларын марапаттау салтанатына Абай атындағы Қазақ  ұлттық педагогикалық университетінің Бірінші проректоры, химия ғылымдарының докторы, профессор Мүбарак Ермағамбетұлы Ермағамбетов пен университеттің экономика жөніндегі проректоры Ғани Қалықұлұлы Тұрарбаев қатысты.

  


Абай атындағы ҚазҰПУ Баспасөз орталығы.