Main
News
15.03.2021 Республикалық семинарда химиядан есептер шығарудың әдістемелік жолдары талқыланды
2021 жылы 12 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Жаратылыстану және география институты «Маркетинг» бөлімінің ұйымдастыруымен «Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде «Химия» пәнінен есептер шығарудың әдістемелік жолдары» республикалық онлайн-семинар өткізілді.
Іс-шараға Республиканың көптеген қалалары мен облыстарынан, оның ішінде Атырау, Алматы, Түркістан, Қостанай, Жамбыл, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан Қызылорда, Қарағанды, Ақмола облыстары, Алматы, Нұрсұлтан және т.б. қалалардан 150-ден астам химия пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинарда доцент Аймангүл Мейірманова «Электролиттердің балқымалары мен ерітінділерінің электролизі. Фарадей Заңдары. Кешенді тапсырмаларды шешу», аға оқытушылар Тұрар Ақылбекова «Гетерогенді тепе-теңдік. Ерігіштік константалары. Ерігіштікті есептеу», Айжан Сагимбаева «Химиялық реакцияның жылдамдығы және химиялық тепе-теңдікке есептер шығару жолдары», докторант Нұрсұлтан Сағынтайұлы «Судың иондық көбейтіндісі. Сутектік көрсеткіш есептерін шешу әдістемесі» тақырыптарында химия пәнінен есептер шығару әдістемесі бойынша мастер-класс көрсетті. Сондай-ақ «Маркетинг» бөлімінің жетекшісі Альбина Бейкитова мектеп мұғалімдеріне химия мамандықтары бойынша магистратура және докторантураға қабылдау ережелері, қажетті құжаттар, біліктілікті арттыруға арналған курстар жайлы ақпарат беріп өтті. Онлайн-семинарда жаңартылған білім мазмұны бойынша бірнеше өзекті сұрақтар қойылып, толық жауаптар берілді. Қорыта келе, онлайн-семинар әдістемелік тұрғыда жоғары деңгейде өткізілді.
|