қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.09.2016

 

2016 жылдың 2 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ «Превентивті суицидология және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық-кеңес беру орталығы» Ғылыми-практикалық орталығының директоры, педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор З.А. Мовкебаева модератор ретінде «Намыс» жоғары білімі бар мүмкіндіг шектеулі жандардың қоғамдық бірлекстігімен ұйымдастырылған «ҚР-да инклюзивті білім беру жүйесін даму» вебинарын өткізді. Вебинарға ҮЕҰ, мүмкіндігі шектеулі жандар ұйымдарының өкілдері мен мүшелері және Қазақстанның барлық аймақтардындағы осы бағыттағы әкім кеңесшілері де қатысты.
З.А. Мовкебаева қатысушыларды білім мазмұнын жаңарту және инклюзивті білімді енгізу жағдайларындағы білім беру процесін психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі принциптері мен мазмұнымен таныстырып, Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің қазіргі жағдайын айқындап берді. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Превентивті суицидология және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық-кеңес беру орталығы қызметінің негізгі бағыттары да таныстырылды.
Онлайн-семинар қатысушылары З.А.Мовкебаева презентациясын белсенді түрде талқыға салып, семинар соңында Абай атындағы ҚазҰПУ Превентивті суицидология және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық-кеңес беру орталығы директорының бұл жұмысына жоғары баға беріп, келесі өткізілетін семинарларға қатысуға дайындықтарын білдірді.