қазақша · русский · english
   
  Main  News
21.03.2021

 

Құрметті әріптестер, білім алушылар!

 

Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Бұл мереке ұрпақтар арасындағы байланыстың нышаны, біздің ата-бабаларымыз мыңдаған жылдар бойы сақтаған қонақжайлылық, татулық, үлкенге құрмет және кішіге қамқорлық дәстүрлерін еске түсіреді.

 

Өкінішке орай, екінші жыл Наурызды індеттің өршіп тұрған кезінде қарсы алудамыз. Ең бастысы - бізде бірлік, қазақстандықтардың қолдауы бар, дәрігерлерге көмектесетін еріктілерден бастап, еліміздің қауіпсіздігі үшін барлық ресурстарды жұмылдырған мемлекет қауіпті вирусты тоқтатуға дайын. Біздің ұстаздарымыз да осындай жағдайларда өздерінің ізгі жұмыстарын жалғастыра отырып, белсенділік танытуда. Барлығымызды халқымыздың сау және бақытты болуына, еліміздің өркендеуіне деген ұмтылыс біріктіреді.

 

Дәстүр бойынша бұл күндері біз өз жұмысымыздың нәтижесін шығарып, болашаққа сеніммен жаңа жоспарлар құрамыз. Өткен жыл Абай атындағы ҚазҰПУ үшін айтулы оқиғалармен есте қалды: біз халықаралық және ұлттық рейтингтерде жаңа табыстарға қол жеткіздік, ғалымдарымыздың ғылыми көрсеткіштері артты, бірқатар жоба іске асырылды, студенттер ғылым, білім беру, шығармашылық және спорт салаларындағы түрлі конкурстар мен жарыстардың жеңімпаздары болды. Біз бәсекеге қабілетті және жоғары білікті мамандарды сапалы даярлау жөніндегі міндетімізді одан әрі де жалғастыра береміз.

 

Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар! Сіздерге, отбасыларыңыз бен жақындарыңызға жақсылық, денсаулық, қуаныш, сәттілік және өркендеу тілеймін. Наурыз құтты болсын!

 


Құрметпен,

ректор Такир Балықбаев