қазақша · русский · english
   
  Main  News
02.04.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ магистранттары мен студенттерінің Aкадемиялық адалдық кодексі

 

2021 жылы 1 сәуірде Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының «6В02209 - Тарих-география», «6В02208 - Тарих-құқық және экономика негіздері», «6В02211 - Тарих-құқықтану» «6В01602 - Тарих-Дінтану», «6В02202 - Тарих», «6В03106 - Аймақтану», «5В013000-Тарих-Дінтану», «5В050500 - Аймақтану», «5B020300- Тарих» мбілім беру бағдарламалары бойынша қазақ және орыс топтарының эдвайзерлері Манапбаев Нұрболат, Шорманова Айнұр, Кенжебекова Арай, Дүйсенбайқызы Айтолқын, Қасымов Мәдияр, Мамырбаев Дидар, Нұрмұхан Еңлік, Әбдіхалық Теміржан 1 және 4 курс студенттердің қатысуымен «Aкадемиялық адалдық кодексін» және «Этикалық кодексін» талқылады.

 

Эдвайзерлер Абай атындағы ҚазҰПУ-да академиялық адалдықтың ережелерін сақтау жөнінде, сондай-ақ академиялық адалдықты бұзушылық жағдайындағы шаралар туралы толыққанды түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттер тек ережелер мен өз құқықтарын белсенді талқылап қана қоймай, сонымен қатар міндеттерін, оқуға деген жауапкершіліктерін талқылады. Іс-шара барысында көктемгі сессияның өтуі туралы, оған дайындық жұмыстары бойынша да ақпарат берілді. Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, оларға бірден жауап алды.