Мектеп бітіруші оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыру - болашақ педагогтерді даярлаудың кепілі
2021 жылы 5 сәуірде Жаратылыстану және география институтының Маркетинг бөлімінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қаратерең ауылының № 82 орта мектебінің бітіруші түлектеріне «Мектеп бітіруші оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру - болашақ педагогтерді даярлаудың кепілі» тақырыбында онлайн-форум өтті.
Онлайн-форум бағдарламасы:
1.«Абай атындағы ҚазҰПУ - әлемдік нарықтағы орны» - Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Жанбеков;
2.«Жаратылыстану және география институтының жетістіктері» - Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Каймулдинова;
3.«Мектепте кәсіптік бағдар беру арқылы педагог мамандығының мәртебесін көтеру» - 82 орта мектеп директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Нұржан Қайназаров;
4.«Жұмыс қамту және педагогикалық практика барысы туралы» - «Мансап» орталығының жауапты тұлғасы Рақымберді Жетібай;
5.«Білім беру бағдарламаларындағы бейіндік пәндер» - Жаратылыстану және география институты, «Маркетинг» бөлімінің жауапты тұлғасы Ерлан Бірталаев;
6.«Магистратура және докторантураға түсу ережелері мен құжаттар» - Жаратылыстану және география институты, кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жетекшісі Жанар Жақсибаева.
Форумның нәтижелері форумға қатысушылардың сұрақ-жауаптарымен, ұсыныстарымен қорытындыланды.