қазақша · русский · english
   
  Main  News
07.04.2021

Абылай ханның тарихи рөлі

 

Тарих және құқық институтының академик Т.С. Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы 2021 жылдың сәуір айында «Ғылым айы -2021» декадалық іс-шара аясында ағымдағы жылдың 7 сәуір күні «Қытай Цин империясының Абылай хан жөнінде танымы мен саясаты» тақырыбында әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығының директоры Нәбижан Мұхамеджанұлымен ғылыми-танымдық дәріс өткізді.

 

Ғылыми-танымдық дәріс барысында Абылай ханның тарихқа, екі ел арасында ел мүддесі үшін жасаған дипломатиялық еңбегіне Қытайдағы мұрағат деректері негізінде салыстырмалы талдаулар жасап, құнды баяндама жасады. Атап айтсақ, Цин империясының орда хаттарының жазылуы туралы, Абылай ханның Цин империясына алғаш жіберген елшіліктері, олардың Іле аймағын, Алтай өлкесін, Тарбағатайдың жерінің шығыс өңірін қазақтарға қайтарып беру жөнінде сұраныс хаттарының мазмұны жайында, оған Цин империясының берген жауаптарын қытай мұрағат деректері негізінде кең көлемде баяндады. Сонымен қатар, дәріс барысында Абылай ханның қазақтардың этнотерриториясын қалпына келтірудегі еңбегі, сол кезде шекара мәселесін дипломатиялық жолмен шешкендігі туралы тың мәліметтер мен тарихи деректер негізінде мысалдар келтірді.

 

Сондай-ақ, профессор Нәбижан Мұхамеджанұлымен Цин империясының Абылай ханды 1750 жылы Қазақ елінің басшысы - ханы ретінде мойындағандығын, соған орай саясат қолданданғандығы туралы негіздер келтіріп, дәрісті қорытындылады.

 

Дәріске Абай атындағы ҚазҰПУ-дың, Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің, Х.Досмұхамед атындағы Атырау университетінің және тағы да басқа жоғары оқу орындарының 100-ге тарта профессор-оқытушылары мен магистрантары, докторанттары қатысып, өзара пікірлер алмасты