Main /
Announcements
22.09.2010
2010 ж. 21 қыркүйек күні сағ. 11:00-де Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан халқы тілдер мерекесіне арналған «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты әдеби-сазды салтанатты кеш өтті. Сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың аңсар арманына айналып келген ел тәуелсіздігі еңсемізді тұғырлады. Қазақ атты ұлттың ұлылығын мойындатып, бүкіл әлем алдында Қазақстан халықтарының жасампаз рухы мен ынтымағы жарасқан бірлігін паш етті. Бүгінгі таңда қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп, мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау тауып отыр. Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметі артып, оның қоғамдық өмірде өзіне лайық орнын ала бастағаны көңілге қуаныш сыйлайды. Осындай халықаралық бірлікті нығайта түсетін ұлт өкілдерінен тұратын өнерпаз жастарының қатысуымен әдеби-сазды салтанатты кеш ұсынылды. Аталған мерекелік шараға қонақ ретінде ҚР Ассамблеясы хатшылығының оңтүстік өңірдегі өкілі, Этносфорум қорының бас директоры Нұрәділ Ғабит Нұрәділұлы, ҚР Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, ҚР «БарБанк» Күрдтер Ассамблеясының президенті, филология ғылымдарының докторы, профессор Мирзоев Князь Ибрагимұлы қатысты. |