Main
News
11.05.2021 Мектеп оқулықтарының авторлары біліктілікті арттыру курстарынан өтті
Курс бағдарламасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мектеп оқулығы мен оқу-әдістемелік кешенді дайындау және сараптау құралдарын әзірлеу саласында авторлардың кәсіби деңгейін арттыруға бағытталды. Білім беру саласында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес мектеп оқулықтарын жазуға қойылатын талаптарды іске асыру дағдыларын жетілдіруге көп көңіл бөлінді.
Курсқа «Алматыкітап», «Арман ПВ», «Сапалы білім», «EDUStream», «Келешек-2030», «Атамұра», «INTELLECTUAL» Даму Академиясы» баспаларынан 138 тыңдаушы қатысты. Курс тыңдаушылары оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жазып жүрген авторлар мен авторлық ұжымдар, сондай-ақ оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жасау бойынша жұмысты жаңадан бастаған практик-мұғалімдер болды.
Сабақтарды өткізуге оқулықтану саласында 16 жетекші ғалым тартылды; оның 7-і Абай атандағы ҚазҰПУ қызметкерлері.
Курс қорытындысы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев, «Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Елдос Нұрланов, Абай атындағы ҚазҰПУ Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығының директоры Александр Семченконың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Тыңдаушылар оқулықтар мен ОӘК-ге қойылатын талаптарды жаңарту жобасымен танысты, оқу әдебиетін жасау мен сараптауға, оқу бағдарламаларын жетілдіруге байланысты өзекті мәселелерді талқылады.
|