қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
14.01.2019

«Білім берудегі инновациялар: халықаралық ынтымақтастық траекториялары» Халықаралық ұстаздар форумы

 

 

2019 жылдың 17-18 қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің базасында "Білім берудегі инновациялар: халықаралық ынтымақтастық траекториялары» тақырыбында Халықаралық педагогтар форумы өтеді.

 

Ұйымдастырушылар:

- Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі;

- Ресей Федерациясының білім, ғылым және жастар саясаты министрлігі;

- Бүкілресейлік педагогикалық жиналыс;

- «Ресей педагогтары: білім берудегі инновациялар» Бүкілресейлік форумы;

- «Білім берудегі инновациялар: халықаралық ынтымақтастық траекториялары» Халықаралық форумының дирекциясы.

 

Форумның міндеттері:

- Баланы ерте дамыту (мектепке дейінгі білім беру сатылары үшін) және жалпы білім беру тұжырымдамасы шеңберінде кластерлік өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

- Кәсіптік білім беру индустриясында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру.

 

Форум күндері ауқымды көрме-жәрмеңкесі (20-дан астам стенд), жаңа интерактивті технологиялар, робототехника, оқу жабдықтары, сандық зертханалар, әдебиет және т.б. жұмыстар көрсетіледі.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Төле би көшесі, 86, акт залы, тіркеу уақыты сағат 9.00 - ден 10.00-ге дейін, форумныңбасталуы сағат 10.00-де.