Main
News
24.10.2016 «Қазақстандық жолдың қалыптасуы мен мемлекеттіліктің құрылуы» атты дөңгелек үстел өтті 2016 жылдың 19 қазаны күні Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты басқармасы Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры бірлесе ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстандық жолдың қалыптасуы мен мемлекеттіліктің құрылуы» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді филология институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы жүргізіп отырды. Құттықтау сөзімен Университеттің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Жанатбек Ешенқожаұлы Ішпекбаев сөйледі. Дөңгелек үстелге: саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қоғамдық ұйымының төрағасы Дос Көшім, әнші, актер, Қазақстан авторлары қоғамының бас директоры Есенәлиев Байғали, филология ғылымдарының докторы, профессор Тебегенов Темірхан, Түркиядан келген қандас, жеке кәсіпкер Жаналтай Насыр, «Қуатты Қазақстан» қорының президенті Әуелбай Мұхит, Халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің қызметкері Бигельдиев Азамат және университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы мен студент-жастары қатысты. Дөңгелек үстел мәжілісінде Кеңес одағындағы Қазақстанның әл-ауқаты, қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялылары, тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жағдайы: экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалы, қазіргі Қазақстанның жағдайы және ертеңге деген жастардың сенімі және т.б. мәселелер қаралды. Сонымен қатар, Қазақстанның қалыптасуы мен мемлекеттіліктің құрылуы, мемлекеттік тілдің мәртебесі жай сөз қозғалды. Қазақстан Республикасының 25 жылдық Тәуелсіздік тарихи сахнасында жеткен жетістіктері, әлемдік алпауыт мемлекеттермен терезесі тең түсетіндей дәрежеге жету жолында Елбасының ерен еңбегі ерекше аталып өтті. Дөңгелек үстелге қатысушы Түркиядан келген қандас, жеке кәсіпкер Жаналтай Насыр өз кезегінде: «ХХІ ғасырдың жаңарған заманында Қазақстан саясаты мен әлеуметтік келбеті, экономикасы, ойы мен санасы да қалыптасқан елге айналды. Тәуелсіздік алғалы Мәңгілік Елдің идеясына қарай бет түзеген мемлекеттің атауы да жаңаруы тиіс» деді. «Жанашыр» қоғамдық қорының басшысы Жаңыл Әпетова өз сөзін қорытындылай келе: Жастарға патриоттық тәрбе беруде ЖОО-ның үлесі оның ішінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Ұлттық тәрбиемен білімді ұштастыра білген Қазақстандағы жетекші ЖОО-ның бірі екендігі атап кетті.
Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты басқармасы |