Main /
Announcements
02.02.2019 «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» декадасы
Рухани жаңғыру аясында 2019 жылдың 5 ақпанында Қазақстан Республикасының бірінші ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті және негізін қалаушы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күніне орай «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында декада өтеді.
Декада мақсаты - рухани-адамгершілік құндылықтар көзі ретінде қоғамдық сананы жаңғыртуға негізделген Сара Алпысқызы Назарбаеваның шығармашылық мәнін ашу.
Декада міндеттері: 1. Адамзатты рухани дамытудағы С.А. Назарбаеваның адамгершілік идеалдары мәні туралы терең ұғымдарын кеңейту; 2. Ерікті-студенттерді ой, сөз, іс бірлігінде ар-ұжданмен өмір сүруге ұмтылу жауапкершіліктеріне тәрбиелеу.
Өтетін уақыты: 5-12 ақпан 2019 жыл
Өтетін орны: Достық, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ, 311 кабинет.
|