Main
News
04.10.2021 Абай атындағы ҚазҰПУ Білім берудегі инновациялар конкурсының серіктесі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті алғаш рет Мәскеу қаласындағы Жоғары экономика мектебі білім беру институты (ЖЭМ) жыл сайын өткізетін білім берудегі инновациялар конкурсына (КИвО) серіктес болды. Бұл серіктестік «Білім беру инновацияларын іріктеу және бағалау және педагогикалық эксперимент жүргізу» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылды. (Жетекшілері: Королева Диана, Абаева Галия).
Оған білім саласына қызығушылық танытатындардың барлығы қатыса алды. Біздің серіктесіміз - Жоғары экономика мектебі білім беру институты (Мәскеу қ.) финалистерге іріктеу жүргізді. Ол оңай емес! Енді 2021 жылы 28 қазанда финалға Мәскеуге баратын командалардың тізімі жарияланды.
Биылғы жылы КИвО-Қазақстан конкурсының тармағы өз жемісін берді. Финалистер арасында Қазақстаннан (Нұр-Сұлтан қаласы) екі команда бар!
Төменде келтірілген жобалардың тізімі көбінесе білім беруді цифрландыруға байланысты екендігі байқалады. Бірақ цифрландыру арқылы конкурсқа қатысатын командалар білім беру процесіне қатысушыларды қолдаудың түрлі мәселелерін шешуді ұсынады. Біздің қазақстандық командалар да одан тыс емес. Финалға шыққан жобалар: 1. Ғалымдарға арналған Краудфандинг (Санкт-Петербург) - ғылыми жобаларды бірлесіп қаржыландыруға арналған әдістемелік платформа; 2. UAVProf (Калининград) - https://uavprof.com -ұшқышсыз авиацияның онлайн мектебі; 3. Мектеп Криптовалютасы (Мәскеу) - https://schoolspace.ru Оқушыларды білімге, спортқа және шығармашылыққа ынталандырудың экожүйесі; 4. WM Products (Мәскеу) - https://wm-24.website - көру ерекшеліктері бар адамдарға арналған веб-ресурстарды бейімдеу қызметі; 5. Интерактивті дене шынықтыру кешені (Челябинск) - https://playstand.ru -гибридті форматтағы сауықтыру ойындарының жабдығы, софт және әдістемесі; 6. «Химичим дома вместе» флешмобы (Курск); 7. UNITO (Новосибирск) - мектепте буллингті алдын алуға арналған үстел ойыны; 8. IZIDZ (Севастополь https://izidz.com) - мектеп үй тапсырмаларымен көмек көрсету сервисі; 9. Виртуалды педагогикалық агент (Мәскеу) - «Виртуалды класс» технологиясының тиімділігін арттыру үшін чат-бот; 10. Smart Grades (Нұр-Сұлтан) - балалар мен ата-аналарға арналған үлгерімді бақылау бойынша мобильді қосымша; 11. QPSY (Нұр-Сұлтан) - психологияны цифрландыру - оқушыларға психологиялық көмек көрсету платформасы.
Финалистер жазғы мектеп кезеңінен онлайн өтті! Енді олардың алдында жаңа міндет тұр - өз идеяларын қалай жүзеге асыру керектігін көрсету. Бұл бағытта оларға Жоғары экономика мектебі білім беру институты (Мәскеу қ.) мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институты ғалымдары көмек көрсетуі тиіс. (Қазақстаннан өтінімдер үшін). Эксперименттің дизайнын жасау, алаңды ұйымдастыру біздің бірлескен жобаның міндеті.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті атынан жоба мүшелері - Педагогика және психология институтының оқытушылары конкурсқа белсенді қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өткіміз келеді. Финалға шыққан конкурстық өтінімнің бірін ғылыми сүйемелдеуге Ахметова Айгүл, Қазақстанның алдыңғы кезеңдердегі өтінімдерін сараптауға Ақпаева Әсел, Қазақстанның инновациялар базасын талдауға Төлешева Ұлмекен қатысты. Біз барлығымыз қазақстандықтар ұсынған инновациялардың деректер базасына талдау жасап қана қоймай, финалистермен бірге апробация және енгізу жолын да орындауымыз керек! Жоба тобы алдына тағы бір міндет қойып отыр - Педагогика және психология институтында өткізілетін докторлық ізденістердегі инновацияларды талдау.
Барлық финалистерді құттықтаймыз және оларға 28 қазанда қорытынды презентацияда сәттілік тілейміз!
|