Main
News
02.11.2021 «Тәуелсіздік - аңсап жеткен, мәңгілік ел арманы» тақырыбында «Заңгер» клубының мүшелері дөңгелек үстел өткізді
Дөңгелек үстелдің алғы сөзін Тарих және құқық институтының директоры Ә.М.Джунусов алып, жастарға егемендік алған елдердің көп екенін, бірақ көбінің дамымай бір орнында тұрып қалғанын айта келіп, Қазақстан өз тәуелсіздігінің 30 жыл ішінде керемет жетістіктерге жеткенін сөз етті.
Одан кейін құттықтау сөзді университетіміздің зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Е.А. Бөрібаев айтты. Өзінің соңғы үш жыл «Құқықтану» кафедрасын басқарған жылдары студенттердің жеткен жеңістіктерін тілге тиек етті. Карантин шаралары кезіндегі қашықтықтан білім алу студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына кедергі келтірмей, қайта жандана түскенін үздік студенттер мен жас ғалымдардың көбейе түскенін айтты. Оған осы студенттердің ғылыми жұмысына жауапты университет доценті Гүлжазира Меирбекованың еңбегі зор екенін атап өтті.
Айтулы мерекелермен қатар келген «Заңгер» клубының 10 жылдық мерекесіне арналған «Құқықтану» мамандарының бұрын бітіріп кеткен түлектерінің құттықтаулары видео арқылы тыңдалды.
Одан кейін институтымыздың директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары М.М. Мұратқазин мен тәрбие істері жөніндегі орынбасары Н.Б Манапбаев студенттерді «Үздік студент» және «Жас ғалым» атақтарымен университет, институт атынан құттықтап, марапаттау шараларын тапсырды.
«Заңгер» клубының эмблемасын оның мүшелері 4-ші курс бітіруші түлектер өздерінің мүшелік төсбелгілерімен қоса болашақ «Заңгер» клубының мүшелері болатын 3-ші курс студенттеріне табыстады.
Қорытынды сөз алған «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Бақытқали Көшпенбетов дөңгелек үстелдің жоғары дәрежеде өткенін атай келіп, болашақта студенттерге шығармашылық табыстар тіледі.
|