қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
11.04.2019

ЕАЭО сарапшылар мектебіне шақырту

 

Сізді 25 - 29 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ЕАЭО-ң интеграциялық үдерістер мен қаржы кеңістігін құрудағы «Астана» Халықаралық қаржы орталығының рөлін талқылауға ЕАЭО сарапшылар мектебіне шақырамыз.

 

Еуразиялық экономикалық интеграция тақырыбына мүдделі Қазақстан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан және Ресейдің оқытушылары, зерттеушілері, магистранттары, қаржы талдаушылары, бизнес сарапшылары, мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтанушылар мен журналистер шақырылады. Қатысушыларды іріктеу - өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүргізіледі.

 

Зерттеудің бағыттары:

- АХҚО-ң эко-жүйесі;

- Бірыңғай биржалық кеңістікті қалыптастыру және оны ғаламдық қор биржасына енгізу;

- Қаржылық нарық пен қаржы технологияларын дамытудағы жаһандық мәселелер мен үрдістер;

- ЕАЭО халықаралық қаржы нарығының стандарттарын қалыптастыруда адами капиталдың рөлі мен біліктілігін арттыру;

- ЕАЭО аймағында қаржы интеграциясының келешегі мен тәуекелдері;

- ЕАЭО қаржылық қызметтері мен капиталының реттелуі;

- ЕО және басқа аймақтық интеграциялық бірлестіктерде қаржылық интеграция.

 

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

- Жасы - 21 жастан 40 жасқа дейін;

- Жоғары білімі туралы дипломы;

- Кәсіби саласында кем дегенде екі жыл тәжірибе.

 

Өтініш Ресей Федерациясының Халықаралық істер бойынша кеңесі веб-сайтында электронды түрде толтырылады: https://russiancouncil.ru/projects/eaeuschool2019/.

 

Өтініштерді қабылдау мерзімі: 15 сәуір 2019 жыл.

 

Нәтижелер туралы хабарландыру 2019 жылдың 23 сәуірінде беріледі.

 

Ұйымдастырушылар қатысушылар үшін әуежай, теміржол жол ақысын (бару-қайту), жатар орын мен тамақтануға төлем жасайды.

 

Билеттің бағасы бойынша шығындардың ең көп сомасы 8 000 рубльді құрайды.

 

Азаматтық елінен және кері сапар (эконом-класс) шығындарының өтемақысы төленеді.