Main /
Announcements
02.05.2019 «ХХ ғасырдағы Қазақ мемлекеттілігі: бірегейлік, концепциялар, моделдер» дөңгелек үстелі
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институтының «Айтылған тарих» ғылыми-зерттеу орталығы және академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы 2019 жылдың 28 маусымында «ХХ ғасырдағы Қазақ мемлекеттілігі: бірегейлік, концепциялар, моделдер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстелде мынадай мәселелер талқылауға ұсынылады: - Қазақстан тарихындағы билік, қоғам және жеке тұлға; - Тарихи ретроспективтегі қазақ мемлекеттілігі идеясы; - Бізге қандай бірегейлік қажет: ұлттық немесе азаматтық? - Қазақ мемлекеттілігінің тарихы және архивтер; - ХХІ ғасырдағы Қазақ мемлекеттілігі: ұлттық бірегейлік және тарихи жад; - ХХ - ХХІ ғасырдағы қоғамдық-саяси ойдағы мемлекеттілік моделдері; - Қазақстандықтардың бірегейлігін сақтау және дамытудағы әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі.
Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Дөңгелек үстел жұмысының басталуы - сағ.10:00, қатысушыларды тіркеу - сағ. 09:30.
Дөңгелек үстел жұмысына қатысу үшін өтініштеріңізді 2019 жылдың 31 мамырына дейін мына мекен-жайға жіберулеріңізді өтінеміз: 050100 Алматы қ., Жамбыл көшесі - 25, № 709 аудитория, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Тарих және құқық институты, академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы, е-mail.: shamek_09@mail.ru
Байланыс телефондары мен факс: Тел.: +7(727) 291-46-72; +7707-208-92-43 Факс.: +7 (727) 291-40-71
|