қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
13.05.2019

«Бабалар сөзі - рухани жаңғырудың қайнар көзі» Халықаралық симпозиумы

 

2019 жылдың 16-17 мамыр аралығында сағат 09.00-де Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас ғимаратында (Достық даңғылы 13, Алматы, Қазақстан) «Бабалар сөзі - рухани жаңғырудың қайнар көзі» тақырыбында Халықаралық симпозиум өтеді. (Қазақстан, Түркия, Германия, Корея, Қырғызстан, Өзбекстан, ҚХР).

 

Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мыңжылдықтағы халық ауыз əдебиетінің таңдаулы үлгілері - «Бабалар сөзіне» арналған Симпозиумға:

- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;

- Түркі тілі құрымы (Түркия, Анкара);

- НұрОтан Алматы қалалық филиалы (Алматы);

- А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты (Алматы);

- М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты (Алматы);

- Қазақстан халықтары Ассамблеясы (Алматы);

- Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (Астана);

- Халықаралық және отандық түрколог ғалымдар;

- мектеп мұғалімдері мен студенттер, магистранттар, докторанттар қатысады.

 

Негізгі іс-шаралар


16.05.2019

Алқалы мәжіліс
Үш секция бойынша жұмыс:

1 секция «Бабалар сөзі және түркі тілдерініңұлттық-мәдени сипаты»
2 секция «Бабалар сөзі - түркілік әдебиет негіздері»
3 секция «Бабалар сөзі- ұлы дала философиясының негізі»

 

17.05.2019

Тамғалы тасқа саяхат. Бейнефильм көрсетілімі.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Бас ғимараты, № 225.

 

Ұймдастырушы комитет: Филология және көптілді беру институты, С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы