Main
News
13.12.2021 «Кіші мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеудің базалық теориялары» шеберлік сыныбы
2021 жылдың 8 желтоқсанында Кәсіби даярлау бөлімі Бастауыш білім беру бағдарламаларының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Амина Амированың ұйымдастыруымен , «8D01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» 1 курс докторанттарымен және Қазақстан Республикасының 6 жоғарғы оқу орындарымен «Кіші мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеудің базалық теориялары» шеберлік сыныбы өтті.
Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы теориялық тұрғыда практикаға бағыттала қарастырылып, оны ұйымдастырудың жаңаша үлгілері дебат түрінде талданды. Интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру - ұлттың интеллектуалды әлеует негізі жоспар бойынша, қатысушыларды бейнежазба түрінде интелектуалдық тапсырмаларды талдауға кері байланыс жасау коучинг түрінде ұсынылды. «Рухани жаңғыру» идеясы негізінде бастауыш сынып оқушыларын ұлттық құндылыққа тәрбиелеу бейнероликтерді талдатылып, цифрлық технологияларды пайдаланылған интеллектуалды ойындар-сұрақтарды шешумен қорытындыланып, қатысушылардың белсенділігін тудырды.
|