қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
29.05.2019

Қазақстан Республикасының заңнамасына прецеденттік құқық элементтерін имплементациялау мүмкіндіктері туралы. «Астана» ХҚО-ның тәжірибесі

 

2019 жылдың 30 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Қазақстан Республикасының заңнамасына прецеденттік құқық элементтерін имплементациялау мүмкіндіктері туралы. «Астана» ХҚО-ның тәжірибесі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтеді. Ұйымдастырушылар: Сорбонна-Қазақстан институты, «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы мен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы қоры.

 

Халықаралық дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары, Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесіндегі Венециандық Комиссияның мүшесі Игорь РОГОВ, «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының исламдық қаржыландыру бойынша директоры, Халықаралық арбитраж орталығы арбитрлер коллегиясының мүшесі, исламдық қаржыландыру бойынша Консультативтік кеңесінің мүшесі, Англия және Уэльс Жоғарғы соттарының қорғаушысы Шейх Билал Хан, Алматы қ. жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, қаржы және құқық саласындағы Франция Республикасының мамандары, Франция-Қазақстан Сауда-Өнеркәсіп Палатасы, маман сарапшылар қатысады.

 

Халықаралық дөңгелек үстел аясында алғаш рет Қазақстандағы заңнаманың элементтерін іске асыру мәселелері, сот ісін жүргізудің шетелдік тәжірибесі талқыланады.

 

Өтетін күні: 30.05.2019, сағат 10.00

 

Өтетін орны: Алматы қ. Сорбонна-Қазақстан институты, Қазыбек-Би 28, «Астана» ХҚО мен ашылған «Cases law» орталығы

 

Байланыстар:

e-mail: a.sabitova@sorbonne.kz   

тел.: + 77776512707 - директордың орынбасары - Алпысбаев Куаныш

+77055633059-директордың ассистенті - Орумбаева Маржан