қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.12.2021

«Менің елім» (Моя страна) отаншылдық-патриоттық байқауының жеңімпаздары анықталды

 

2021 жылдың 15- желтоқсанында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру - болашаққа бағдар» мемлекеттік бағдарламасының аясында, Әкімшілік департаментінің бастамасымен Абай атындағы ҚазҰПУ-і қызметкерлерінің Жергілікті Кәсіптік Одағы ұйымының демеушілігінің арқасында, университетіміздің қызметкерлері мен оқытушылар құрамының балаларына арналған «Менің елім» (Моя страна) тақырыбында отаншылдық-патриоттық байқауы өз мәресіне жетті.

 

Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, туған ел, жер, егемендік, Отан, отаншылдық-патриоттық тақырыптағы отандық авторлардың туындыларын өскелең ұрпақ арасында жатқа білуін қалыптастыру, дәріптеу, туған елдің тәуелсіздігін бағалау, маңыздылығын сақтау, сол бағыттағы поэзиялық шығармалардың оқулары арқылы қара шаңырағымызда патриоттық мерекелік көңіл-күйді орнату болды.

 

Байқау Ережесіне сәйкес, байқауға университет қызметкерлері мен оқытушылар құрамының мектеп жасына дейінгі (3-6 жас) және 1-6 сыныпта оқитын балалары (7-11 жас) қатысып, жалпы саны 46 бейнеролик келіп түсті. Ал олардың ішінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарларды  жұмыстық комиссия анықтады.

 

Нәтижесінде, мектеп жасына дейінгі балалар (3-6 жас) арасында I орынды Нұрмаханбет Айнара Ерікқызы иеленсе, II орын иегері Тоқтар Кәусар атанды. Ал III орынды Нұрәлі Нұржігіт  қанжығасына байлады.

 

Ал 1-6 сынып оқушылары (7-11 жас) аралығында I орын иегері Ерқуат Төлеумұрат атанса, II орын Ақниет Молдашқа бұйырды. III орын иегері Ерболат Ақниет атанды.

 

Байқау жеңімпаздары университет ректоры Дархан Біләловтың арнайы дипломымен және Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлерінің Жергілікті Кәсіптік Одағы ұйымының дайындаған бағалы сыйлықтарымен офлайн форматында марапатталды.

 

Жеңімпаздардың бейнероликтері «Рухани жаңғыру» орталығы мен университеттің ресми әлеуметтік желідегі парақшалары және сайтында жарияланады.