қазақша · русский · english
   
  Main  News
26.01.2022

«ЖОО үздік оқытушысы-2021» конкурсының жеңімпаздары анықталды

 

2022 жылдың 21 қаңтарында «ЖОО үздік оқытушысы - 2021» конкурсының жеңімпаздарының есімдері белгілі болды. Биыл конкурсқа 76 жоғары оқу орнынан 718 үміткер қатысты. Конкурсқа қатысушылардың жетістіктері әр түрлі критерийлер бойынша бағаланды: электрондық оқу ресурстарын әзірлеу және жариялау, жазба көруге болатын платформаларда ұсынылған сабақтардың сапасы, отандық және халықаралық рейтингтік басылымдардағы ғылыми жарияланымдар, өнертабысқа патенттердің болуы, қорғау рәсімінен сәтті өткен докторанттардың жұмыстарына басшылық ету және т.б. Республикалық конкурстық комиссия мамандық бойынша үздіктердің ішінен үздіктерді таңдады. Нәтижесінде 150 оқытушы жеңімпаз атанды. Олардың әрқайсысы 2000 АЕК көлемінде сыйақы алады, бұл шамамен 6 млн теңгені құрайды. Ақшалай ынталандырудан басқа, «ЖОО үздік оқытушысы» конкурсының жеңімпаздары төсбелгіге ие болады.

 

Абай университетінен конкурсқа 19 оқытушы қатысты, олардың арасында тәжірибесі 15 жылдан кем бар жас ғалымдар да бар. Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы конкурстың нәтижесін асыға күтті. Университетіміздің 7 оқытушысы «ЖОО үздік оқытушысы - 2021» конкурсының жеңімпаздары болды. Біз үшін бұл өте жоғары көрсеткіш. Біздің университетте ең үздіктер жұмыс істейтінін мақтан тұтамыз! «ЖОО үздік оқытушысы - 2021» конкурсының барлық жеңімпаздарын құттықтап, жоғары жетістіктері мен университетіміздің рейтингіне қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «ЖОО үздік оқытушысы-2021» атағының иегерлері: ф.ғ.д., профессор Шайбакова Дамина Дисингалеевна; п.ғ.д., профессор Сағымбаева Айнұр Есенғазықызы; п.ғ.д., профессор Көшербаева Айгерім Нұралиқызы; физ. - мат.ғ.к., қауым.профессор Ыскакова Наркеш Біләлқызы; п.ғ.к., қауым.профессор Конева Светлана Николаевна; з.ғ.к., қауым.профессор Калкаева Несібели Бақытқызы; PhD, постдокторант Сабирова Дина Алтаевна.