Main
News
28.01.2022 Арнайы педагогика білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша жол картасы
Дөңгелек үстел модераторы А.Н.Аутаева, ұжымдық жобалау жетекшісі, психол.,ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ қауымд.профессоры арнайы педагогтарды даярлауды жаңғыртудың негізгі бағыттары: арнайы педагогтарды даярлаудағы басым бағыттарды айқындау, ББ іске асыру шарттары, "Арнайы педагогика" мамандығының білім беру бағдарламаларын жетілдіру, білім беру бағдарламасын іске асыру нәтижесі ретінде білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру туралы айтты.
Дөңгелек үстелде Арнайы педагогика бойынша кәсіби даярлау бөлімінің жетекші ПОҚ және ҚР ЖОО оқытушылары сөз сөйледі.
Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институтының директоры Г.А. Абаева, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды мемлекеттік қолдаудың заманауи жағдайы туралы мәселені ашты.
ҚР ЖОО инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры, п.ғ.д., профессор З.А.Мовкебаева өзінің баяндамасында арнайы педагогтарды даярлаудағы ғылыми-әдістемелік қолдау үрдісіне тоқталды.
Психол.ғ.д., профессор Н.Б.Жиенбаева «Болашақ арнайы педагогтарды цифрландырылған білім беруде психологиялық қолдау туралы мәселені қарастырды. П.ғ.к., доцент О.В. Завалишина, «Арнайы педагогика» мамандығы түлектерінің құзыреттілік тізімін қалыптастыру (құзыреттілік моделі)» тақырыбында өзекті мәселесін ашты. «Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасын жетілдіру бойынша жол картасының мазмұнын «Арнайы педагогика» бойынша кәсіби даярлау бөлімінің PhD, аға оқытушысы С.С.Жакипбекова талдады.
«Арнайы педагогика» ББ бағдарламасын жүзеге асыру мен құрылымдарын өзгерту мәселелерін педагогика ғылымдарының кандидаттары А.А.Байтұрсынова мен З.Н.Бекбаева ашып, талқылады.
Дөңгелек үстелдің қорытындысында айтылған тақырыптармен, ұсынылған жол картасы белсенді талқыланды. Қатысушылар «Арнайы педагогиканы» жетілдіру бойынша ұсыныстар беріп, шешімдер қабылдады.
Негіздеме: Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы оқу-әдістемелік бөлімінің (ЖБТ) 2021 жылғы 5 қарашадағы «ҚР Арнайы педагогика бойынша кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері» тақырыбындағы кезектен тыс онлайн-отырысының ұсынымдары.
|