қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.01.2022

«Қазақ тілі оқулықтарындағы мәтінмен жұмыс:

ұстанымдары мен әдістемесі» семинары өтті

 

2022 жылдың 27 қаңтар күні ZOOM платформасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылым департаменті жанындағы «Abai LABS» ғылыми-инновациялық паркі «Латын» ғылыми-практикалық зертханасы ҚР жалпы білім беретін өзгетілді мектептерінде «Қазақ тілі» пәнін оқыту мәселесі бойынша «Қазақ тілі оқулықтарындағы мәтінмен жұмыс: ұстанымдары мен әдістемесі» республикалық ғылыми-практикалық семинар онлайн форматта өткізді.

 

Ғылыми-практикалық семинарда ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Оразбаева Ф.Ш. кіріспе сөз сөйлеп, «Қазақ тілі оқулықтарында мәтінмен жұмыс жүргізудің басты ұстанымдары» тақырыбында дәріс оқыды. Шара барысын Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушысы Юсуп Ф.Қ. «Қазақ тілі оқулықтарында берілген мәтіндерге қатысты түйткілді мәселелер», Алматы қаласы, №52 мектеп мұғалімі Баржықбаева С.Р. «Бастауыш мектепте мәтінмен жұмыс арқылы оқушылардың тілін дамыту», Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы В.Терешкова атындағы орта мектептің мұғалімдері Зукар К., Ашжанова Д.Н. «Мәтінмен жұмыс жүргізудің жолдары» (10-11 сыныптар бойынша) атты баяндамаларымен жалғастырды.

 

Семинарға ЖОО оқытушылары, Білім жетілдіру институттарының өкілдері, мектеп мұғалімдері, магистранттар мен докторанттар қатысып, сұрақтар қойылды, талқылау болды. Қатысушыларға сертификаттар берілді.