қазақша · русский · english
   
  Main  News
01.02.2022

«ЖОО үздік оқытушысы-2021» конкурсының жеңімпаздарын құттықтау

 

2022 жылдың 31 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов «ЖОО үздік оқытушысы-2021» конкурсының жеңімпаздарын құттықтады. Университет басшысы оларды ректордың Алғыс хатымен марапаттап, гүл шоқтарын табыстады.

 

Жеңімпаздар арасында - Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі және әдебиеті кафедрасының оқытушылары филология ғылымдарының докторы, профессор Дамина Шайбакова және PhD докторы, постдокторант Дина Алтаевна Сабирова бар.