қазақша · русский · english
   
  Main  News
04.02.2022

Университеттің Ғылыми-консультативтік кеңесінің отырысы өтті

 

2022 жылдың 3 ақпанда Абая атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Ермек Бөрібаевтың төрағалығымен университеттің Ғылыми-консультативтік кеңесінің (ҒКК) отырысы өткізілді. ҒКК жұмысына академиялық мәселелер жөніндегі проректор Мақтағали Бектемесов, стратегия, цифрландыру және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева, ғылым департаментінің директоры Ұлжарқын Әбдіғапбарова, университеттің жетекші ғалымдары және университет сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметі басшысының м.а. Серікбай Нұрғисаев қатысты.

 

Отырыста жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жобаларын және университеттің оқытушылары мен қызметкерлерінің жобаларын университеттің 2022 жылға арналған өз қаражатынан қаржыландыруға ұсыну туралы мәселелер қаралды. Мемлекет пен қоғамның мұғалімдерді даярлауға әлеуметтік тапсырысын орындайтын бейіндік педагогикалық университет ретінде Абай атындағы ҚазҰПУ үшін педагогикалық бағыттағы жобалар мен педагогикалық қоғамдастықта сұранысқа ие инновациялық практикаға бағытталған әдістемелік идеялардың маңызы зор екенін атап өткен жөн. Гранттық қаржыландыру ғалымдарға қолдау көрсетуге және озық педагогикалық әзірлемелерді бәсекеге қабілетті өнімге айналдыруға ықпал етуге арналған.