қазақша · русский · english
   
  Main  News
11.02.2022

Алматы қаласы Мәдениет басқармасымен ынтымақтастық келісім-шарты жасалды


2022 жылдың 9 ақпанында «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын қолдау аясында, Алматы қаласының Мәдениет басқармасы мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті арасында қоғамдық, ғылыми-өндірістік және мәдени қарым-қатынас орнату туралы Ынтымақтастық келісім-шарты жасалды.


Өзара тиімді қоғамдық ғылыми-өндірістік және мәдениет салалары бойынша әріптестік жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Алматы қаласының Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлибаев және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор Дархан Билялов қол қойылған Меморандум, келесідей мүмкіндіктерге жол ашады:


- Басқарманың құрылымдық бөлімдері мен мекемелері жергілікті өзін-өзі басқару жұмыстарын дамыту бағытында отандық және шетелдік ғылымдарының жаңа жетістіктерін енгізу үшін, университеттің - «5В050500-Аймақтану», «8D03110- Регионоведение», «6В02202-Тарих (ғылыми бағыты)», «5В020300-Тарих» мамандығының бакалавриат, магистратура, докторантурадағы білім алушы-зерттеушілерінің ғылыми-өндірістік тәжірибелерін жүргізуге қолдау көрсетеді, және мәдени қарым-қатынастардың орнауын әрі қарай тереңдетеді.


Сонымен бірге, келісімнің арқасында университет білім алушыларының ғылым мен руханият астанасы - Алматының мәдениеті мен рухани өміріне мазмұнды түрде араласуына, соның ішінде ауылдық шалғай аймақтардан келген жастардың азаматтық дағдылары мен тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты дамуына тәрбиелейтін қаланың өркениеттілік нысандарына баруға кең мүмкіндік береді.


Кездесуге қатысушы тараптар іскерлік-ынтымақтастық қарым-қатынастарын жандандырудан бөлек, Рухани жаңғыру мемлекеттік бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, сол бағытты күшейту мақсатында серпін беретін ортақ жобаларды дамыта беруге уағдаласты.


Университеттің Басқарма Төрағасы-ректор Дархан Билялов, Ынтымақтастық келісім-шартын жасауға қолдау білдірген Алматы қаласы Әкімдігіне, Мәдениет басқармасының басшылығына ерекше алғысын айтып, өзара әрекеттестік қызметтердің нәтижелі болуына зор сенімділігін білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

«Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесі