қазақша · русский · english
   
  Main  News
23.02.2022

«Цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің болашағы» дөңгелек үстелі

 

2022 жылдың 22 ақпанында Педагогика және психология институтының мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларында «Цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің болашағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.


Дөңгелек үстелдің мақсаты - жаңартылған білім беру мазмұнын цифрландыру жағдайында мектепке дейінгі білім беру сапасын арттырудың жаңа тәсілдерін зерделеу.


Дөңгелек үстелдің жұмысын бағдарлама жетекшісі Ұлбосын Қыяқбаева құттықтау сөзімен басталды. Педагогика және психология институтының Оқу ісін ұйымдастыру және сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі Ақтоты Ақжолова, ғылым, мониторинг, халықаралық ынтымақтастық бөлімінің жетекшісі Абай Дүйсенбаев дөңгелек үстелге қатысушыларына сәттілік тіледі.


Дөңгелек үстел барысында ҚР Мемлекеттік емес білім беру ұйымдары ассоциациясының төрайымы Роза Садыкова, ЖШС «Нұр бөбегі» балабақшасының құрылтайшысы Мария Сыздыкова, Республикалық жеке меншік білім беру ұйымдарының қауымдастығы жанындағы білімді дамыту институтының қызметкері Бактыгул Атабекова, Есік экономикалық - гуманитарлық колледжінің оқытушысы Жансая Жақыпбай, «Азима» балабақшасының әдіскері Қарлығаш Үсенова іс-тәжірибелерімен бөлісіп,ұсыныстарын айтты.


Мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының профессорлары Ақсауле Манкеш, Алмагуль Айтпаева, Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің (Foundation) деканы Ғалия Таубаева баяндамаға қатысты өз ойларын ортаға салды.


Педагогика және психология институты мектепке дейінгі, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ұлбосын Қыяқбаева, жекеменшік және мемлекеттік балабақшалармен тығыз ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне тоқталды. Ол қатысушыларға арналған сөзінде бұл кездесу тек қана ақпараттық қана емес, сонымен қатар өзінің мазмұндылығымен, жаңашылдығымен есте қалатынын атап көрсетті.