қазақша · русский · english
   
  Main  News
28.02.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ магистранттары мен PhD докторанттарының біліктілігін арттыру курстары

 

2022 жылдың 14-25 ақпан аралығында ҚазҰПУ-дың Оқытушылық шеберлік орталығы университет магистранттары мен докторанттары үшін «Электрондық тьюторлықты ұйымдастырудағы, Lesson Study және Аction Reseach үдерістерін модельдеудегі педагогикалық дизайн» тақырыбы бойынша қашықтан оқыту режимінде 80 сағаттық біліктілікті арттыру курстарын өткізді. Курсқа Педагогика және психология, Жаратылыстану және география институттарынан 116 магистрант пен докторант қатысты.

 

Тыңдаушылар білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарға енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен танысуға; электрондық тьюторлықтың және педагогикалық дизайнның тұжырымдамалық және теориялық негіздерімен, Lesson Study және Action Reseach процестерін модельдеумен және олардың педагогтың кәсіби өсуіндегі рөлімен танысуға мүмкіндік алды. Практикалық сабақтарда магистранттар мен докторанттар жаңартылған білім беру мазмұнын жоспарлау және іске асыру алгоритмін жетілдіруге мүмкіндік алды.

 

Дөңгелек үстелде студенттерді оқу процесін ұйымдастыру дағдыларына оқытуда, электрондық тьюторлықты ұйымдастыруда, Lesson Study және Action Reseach процестерін модельдеуде педагогикалық дизайнды қолданудың тиімділігі; мұғалімнің практикасын жетілдіру үшін LS және AR процестерін пайдаланудың ерекшеліктері мәселелері талқыланды.