қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.03.2022

«Бізде алғыс айтуға себеп бар!» мерекелік іс-шарасы

 

2022 жылдың 1 наурызында Жаратылыстану және география институтында алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған «Бізде алғыс айтуға себеп бар!» мерекелік іс-шара өтті.

 

Ұйымдастырушылар - топ эдвайзерлері, аға оқытушылар Оразбаева Меруерт, Ильясова Гулжахан және «6В01512-Химия-биология» мамандығының 2 курс студенттері.

 

Іс-шараның мақсаты - студенттерді әдептілікке, кішіпейілділікке және ізеттілікке тәрбиелеу, студенттер араасында үлкен - кішіге деген сүйіспеншілікті, сыпайылық қарым-қатынасты дамыту.

 

Мерекелік іс-шараға институт директоры Каймулдинова Күләш, тәрбие ісі жөніндегі жетекшісі Манапов Нұрлан, «Химия» ББ жетекшісі Мұқатаева Жазира, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.


Студенттер әншілік, бишілік, күйшілік өнерлерін паш етіп, көрермендерге тамаша мерекелік көңіл күй сыйлады.