қазақша · русский · english
   
  Main  News
10.03.2022

Abai University RankPro университеттердің жаһандық рейтингісі бойынша үздік 1000 кірді

 

Жақында жарияланған, әдіснамасы әлемнің түрлі университеттерінің беделді сарапшылары - профессорларының пікірлері мен бағалауларына негізделген, бүкіл әлемнің 2425 жоғары оқу орны тіркелген RankPro-2021 (RankPro Worldwide Professional University Rankings) әлемдік рейтингінде Abai University 917-ші орынға ие болды. Abai University-мен қатар Қазақстанның тағы 5 университеті әлемнің үздік 1000 университеттерінің қатарында.

 

Абай университеті RankPro рейтингісіне қатыса отырып, білім беру сапасына бейілділігін растайды, өйткені Халықаралық ғалымдар кеңесі (ICS) шеңберінде өткізілетін кәсіби сапа рейтингі оқу процесінің сапасын және алынған арнайы білімді бағалауға бағытталған.

 

Университетті әлемдік рейтингтерде ілгерілету халықаралық аренада танымал Abai University брендін құру үшін қажет, өйткені университет өзін елімізде және Орталық Азия өңірі деңгейінде педагогикалық білім берудің көшбасшысы ретінде көрсетеді.

 

 

Стратегия департаменті