Main /
Announcements
18.09.2019 Латын әліпбиін жетілдіру және жаңа емленің түйткілді тұстары туралы семинар өтеді
2019 жылдың 20 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы «Латын» ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиін жетілдіруде халықаралық фонетикалық таңбаларды қолданудың артықшылықтары және жаңа емленің түйткілді тұстары» тақырыбында семинар өтеді.
Іс-шараны латын әліпбиі жобасын ұсынушы, математик ұстаз, «Маңғыстау мұғалімі» газетінің бас редакторы Қуантқан Ванов жүргізеді. Ол өзінің латын әліпбиін қазақ тілінде қолдану жобасын ұсынады.
Семинар жұмысына ҚР ҰҒА А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті профессор-оқытушылары мен университеттің білім алушылары: ізденушілер, докторанттар, магистранттар, студенттер қатысады.
Келем деушілерге есік ашық.
Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, 413 ауд.
Күні: 20 қыркүйек, сағ.15.00.
Байланыс телефондары: 87011118597, 87051169397
|