қазақша · русский · english
   
  Main  News
14.03.2022

Студенттік «Бірлік» Ассамблеясының студенттері Республикалық Корей театрында

 

2022 жылдың 13 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы мен студенттік «Бірлік» Ассамблеясының студенттері Республикалық Корей театрында қонақта болып қайтты.

 

Аталған театрдағы «Дерево» қойылымның тарихы Солтүстік және Оңтүстік Кореяның 38 параллельмен бөлінген шекараның екі сарбазы тағдырдың қалауымен бір кеңістікте қалып қойып, оқиғаның сол тұрғыда өрбуі жайында. Қойылым драма-памфлет жанрында. Оқиға соңы адам өз елін, отанын, түптеп келгенде мемлекетін таңдау құқығы жоқтығын көрсетеді. Бір тектегі, бір тілде сөйлейтін, бірдей бейбіт өмірді бастан кешкісі келетін екі сарбаздың құйтырқы мемлекет саясатына қарсы келе алмайтындығымен, екеуінің екі бөлек кетуімен аяқталады.

 

Студенттер корей театрының актерлерінің қойылымына риза болып, соңында өз рөлдерін шеберлікпен орындаған актерлерге гүл шоқтарын табыс етті.