қазақша · русский · english
   
  Main  News
17.03.2022

«Арыстан» мамандандырылған лицейімен кездесу

 

2022 жылдың 16 наурызында педагог мамандарды даярлайтын қазақ білімінің «Қара шаңырағы» Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен әскери мамандыққа баулитын «Арыстан» мамандандырылған лицейі арасында бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру мен жұмысқа шақыру мақсатында онлайн-кездесу өтті.

 

Кездесуге университеттің «Мансап» орталығының маманы Байғұтты Альфия және «Арыстан» мамандандырылған лицейінен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Альфия Насыбуллина, әкімші Кундыз Гайбуллаева, сонымен қатар Математика, физика және информатика институтының бакалавр және магистратура бітіруші жас мамандары қатысты.

 

Кездесу барысында «Арыстан» мамандандырылған лицейінің әкімшілігі университетіміздің Математика, физика және информатика институтының «7М01504 - Физика» мамандығының магистранттарын жұмысқа қабылдаға конкурс ашылғандығын, конкурстың талаптарын және лицейдің заманауи технологиялармен жабдықталғандығын, сонымен қатар келген жас мамандарды жатақханамен қамтамасыз ететіндігін немесе жұмыстан соң тасымалдайтын көлік қарастырылғандығын хабарлады.

 

Айта кететін болсақ, «Арыстан» мамандандырылған лицейі «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қорының қамқорлығымен құрылған жалпы білім беретін оқу орны. Лицейде барлығы 30 оқытушы қызмет жасайды, оның 21-і әскери шеңді.

 

Кездесу соңында «Арыстан» мамандандырылған лицейінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Насыбуллина Альфия Камильевна Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің басшылығына және білім алушыларға өз алғысын білдірді.