қазақша · русский · english
   
  Main  News
19.03.2022

 

Құрметті әріптестер, білім алушылар!

 

Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Наурыз бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Сондықтан болар, қазақ халқы Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған.

 

Бұл мерекеде игі істер жасау, жарқын болашаққа жоспар құру әдетке айналған. Наурыз өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа серпінін әкеледі. Сондықтан біз Наурызды асыға күтеміз және көктемнің алғашқы күндерінен бастап оған дайындаламыз.

 

Ұлыстың ұлы күні баршамызға жаңа жетістіктер мен қуаныш, әр отбасына жылулық пен молшылық, ортақ Отанымыз - Қазақстанға жақсылық пен бейбітшілік әкелсін. Еліміз тыныш, берекелі болсын. Біз біртұтас халықпыз және елімізді өркендету жолында жұмыла жұмыс істеуге дайынбыз.

 

Баршаңызға денсаулық, амандық, еңбек пен оқуда үлкен табыстар тілеймін!

 

Ұлыстың ұлы күні елімізге, жерімізге құт - береке ала келсін. Ұлыс оң болып, әрбір күніміз Наурыз күніндей шуақты болсын! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

 

 

Құрметпен, ректор Дархан Біләлов