Main
News
01.04.2022 «Халықаралық зерттеулер PISA, TIMSS тапсырмаларын дайындау әдістемесі» тақырыбындағы онлайн-семинар
2022 жылдың 31 наурыз күні ынтымақтастық туралы меморандум аясында Абай атындағы ҚазҰПУ мен Қызылорда облысы, Арал ауданы, Абай ауылындағы №59 орта мектеп арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық және серіктестіктің 2021-2022 оқу жылындағы жұмыс жоспары бойынша «Халықаралық зерттеулер PISA, TIMSS тапсырмаларын дайындау әдістемесі» тақырыбындағы онлайн-семинар өткізілді. Онлайн-семинарға Қызылорда облысы, Арал ауданында орналасқан шалғай ауылдық мектептер қатысты. Атап өтсек, Қарақұм ауылдық округі Абай ауылының №59 орта мектеп, Ақбай ауылдық округі №63 орта мектеп; Аралқұм ауылдық округі №61 орта мектеп; Е. Көшербаев атындағы №57 орта мектеп, Ерімбетжаға ауылының №18 негізгі мектеп, Акеспе ауылының №237 негізгі мектеп, Сексеуіл кентінен №87, №177, №231 орта мектептер; Арал қаласының Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектеп; Арал қаласының №71 орта мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетілді.
Іс-шараны ұйымдастырушы - ф.-м.ғ.к., «Физика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Венера Рыстыгулова. Спикерлер - Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің профессоры Амина Амирова, «Физика» кафедрасының қауым. профессоры Венера Рыстыгулова, «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, физик-магистр Ақмарал Сүгірбекова, «Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, математик-магистр Алмагуль Ардабаева.
Семинар барысында спикерлер Халықаралық зерттеулер PISA, TIMSS тапсырмаларын жан-жақты талдай отырып, оны дайындаудың әдістемесін көрсетті.
|