қазақша · русский · english
   
  Main / Announcements
04.11.2019

Педагогика және психология институтының білім беру бағдарламалары БСҚТА аккредитациясынан өтеді

 

2019 жылдың 4-5 қарашаcы аралығында «6D010100 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»; «6D010200 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»; «6D010300 - Педагогика және Психология»; «6D010500 - Дефектология»; «5В050300 - Психология» және «6М050300 - Психология» оқу бағдарламалары Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігінде (БСҚТА) мамандандырылған аккредитациядан өтеді. Университетімізге 7 адамнан тұратын сарапшылар тобы келді.


Жұмыс бағдарламасы барысында университеттің басшылығымен, институт директорларымен және кафедра меңгерушілерімен, профессор-оқытушылар құрамымен, педагогика және психология институтының білімгерлерімен, жұмыс берушілер өкілдерімен және оқу бағдарламаларының түлектерімен кездесулер өткізіледі.