Main
News
25.04.2022 «Мән туралы форум» секциясы
2022 жылдың 23 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде онлайн форматта «Өмір мен тағдырдың мәні. Өз болашағынды қалай құруға болады?» халықаралық ғылыми - білім беру жобасы аясындағы аясындағы «Мән туралы форум» секциясы өткізілді.
Ұйымдастырушылар - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Педагогика және психология» оқу бағдарламасының аға оқытушысы, «Педагогика және психология» ғылыми-әдістемелік журналының жауапты хатшысы Сауле Исалиева; психология ғылымдарының кандидаты, Ресей білім академиясының «Психологиялық институт» ФМБҒМ аға ғылыми қызметкері (Мәскеу қ.) Татьяна Попова.
Қазылар алқасы жұмысына психология ғылымдарының кандидаты, «Акме» Тұлғаны дамыту ғылыми орталығының директоры, Балттық гуманитарлық институтының ғылымиұйымдастыру және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Екатерина Федосенко (Санкт-Петербург қ.) және Мәскеу психоанализ институтының 2 курс магистранты Алиса Кельдешова (Мәскеу қ.) қатысты.
Форумда Ургенч мемлекеттік университеті (Ургенч, Өзбекстан), Еуразиялық Технологиялық Университеті, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Алматы қ. № 39 мектеп-гимназия өкілдері баяндама жасады.
Казақстандық және шетелдік мектеп оқушылары мен студенттері өмірдің мәнін, қарым-қатынастың адам өміріндегі және қазіргі әлемдегі адамзаттың рөлін талқылап, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және білім траекториясын кеңейтуге септігін тигізетін осы мәселе бойынша өз ойларын ортаға салды.
|