Хубэй университетінің өкілдерімен онлайн кездесу
2022 жылдың 28 сәуірінде Филология институтының шығыс филологиясы және аударма кафедрасы Абай атындағы ҚазҰПУ және Хубэй университеті (Ухань, Қытай) өкілдерінің ынтымақтастығы және бірлескен білім беру бағдарламаларын дамыту аясында онлайн-платформада кездесу ұйымдастырды. Мақсат - екі елдің университеттері арасында академиялық және мәдени алмасу үшін ортақ негіз құру.
Кездесуге университеттің стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры А.Құлсариева, филология институтының директоры А.Таңжарықова, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі К.Абдрахманова, аға оқытушы С.Тоқтарбек және университетіміздің халықаралық ынтымақтастық бөлімінің қызметкерлері қатысты. Қытай тарапынан іс-шараға Хубэй университетінің проректоры JIANG Tao, халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры LIU Guozhi, сондай-ақ жеті лауазымды тұлға мен қызметкерлер қатысты.
Екіжақты академиялық ұтқырлық, қос дипломдық бағдарламаларды дамыту, студенттермен алмасу, Абай университетінде қытай орталығын ашу, қытай бөлімінің студенттеріне онлайн платформада тегін курстар ашу және басқа да мәселелер талқыланды. Кездесу нәтижесінде бірлескен ынтымақтастықты жалғастыру және университеттер арасында тығыз байланыс орнату туралы шешім қабылданды.