қазақша · русский · english
   
  Main  News
03.05.2022

Жас филологтар М. Әуезовтің мерейтойын атап өтуде

 

2022 жылдың 28 сәуірінде Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында көрнекті жазушы, ірі қоғам қайраткері, ойшыл және ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қазақ жерінің дана ұлы» ауқымды іс-шара өтті.

 

Іс-шараны кафедраның эдвайзерлері Бақыт Смағұлова мен Фариза Бағымбаева 1, 2 және 3 курс студенттерінің қатысуымен ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты - қазақ әдебиеті классигінің жан-жақты талантын ашу.

 

Студенттер жазушының өмірі мен қызметі туралы қызықты деректер туралы айтып, Р.Гамзатовтың «Мұхтар аға» және Д. Әбілевтің «Ұлы Мүхтар Әуезов» өлеңдерін оқыды. Іс-шараның қатысушылары мен қонақтары Алматы қаласының Әуезов орындарына экскурсияда болып, үшінші курс студенттері дайындаған бейнероликті тамашалады.

 

Ең белсенді қатысушылар Мұхтар Омарханұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерімен бөлісіп, 1 курс студенттері құрастырған викторина мен сөзжұмбақ сұрақтарына жауап берді.

 

«Филология» мамандығының 1 курс студенттері «Абай жолы» романынан сахналық қойылым дайындады. Іс-шарада Ұлы Абайдың өлеңдеріне Мұхтар Әуезовтің сүйікті «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» әндері орындалып, Балнұр Әнуарбектің орындауында Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әні шырқалды. Студент Дильяра Буйузак керемет әуенмен домбыраның сиқырлы дыбыстарына тамсандырды.

 

Іс-шара «бір демде» өтті. Студенттер ұлы жазушы, ғалым, қазақ жерінің дана ұлы Мұхтар Әуезовтің шығармашылығына шынайы қызығушылық танытты, осылайша жас ұрпақ өзінің рухани мұрасын біледі, мақтан тұтады және оны қорғайды деп сендірді.

 

  alt=  

 

  alt=