қазақша · русский · english
   
  Main  News
15.03.2017

2017 жылдың 15 наурызында дайындық факультеті мен шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дайындық кафедрасы ашық есік күнін өткізді.

Бұл шараға шет елден келген қонақтар: Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігінің бас консулы Чжон Сынг Мин мырза, Литва Республикасының ҚР бас консулы Регимантас Яблонскас, Иран Ислам Республикасының бас консулдығының мәдени орталығының директоры Сейд Джавад Джалали Киясари мырза, Қазақстан мәдени, әлеуметтік және білімді дамыту қорының директоры Сессилия Оливера Муллин (Венесуэла), Қазақстандағы Вьетнам қоғамының төрағасы Фам Ван Туан, Абай атындағы ҚазҰПУ оқу ісі жөніндегі проректоры А.Т. Құлсариева, Ғылыми кеңесінің бас ғалым хатшысы А.Т. Искакова, «Педагогика мен психология» ғылыми-әдістемелік журналының бас редакторының орынбасары А.А. Момбек, Іле педагогикалық университетінің өкілі (ҚХР) Абзал Мунер, Халықаралақ қатынастар басқармасының халықаралық білім беру бағдарламалары бөлімінің инспекторы А. Накисбеков қатысты.
Дайындық факультетінің шетел студенттері мен тыңдаушылары қонақтардың назарына концерттік бағдарлама ұсынды. Іле педагогикалық институтының студенттері ҚХР мен Қазақстан арасындағы достық туралы айтып, «Катюша» әнін шырқады.
Оңтүстік Корея студенттері де Қазақстан мен өз елдерінің ара қатынасының дамып жатқанын сөз етіп, Абай атындағы ҚазҰПУ білім алу үрдісі, корей елінің дәстүрі туралы айтып, ұлттық билерін орындады.
Вьетнам, Иран, Литва, Түркменістан, ҚХР, Оңтүстік Корея мен Африка елдерінің студенттерінен құралған интернационалды топ Абай атындағы ҚазҰПУ қалай білім алып жатқандарын айтып, дайындық тобының тыңдаушыларымен «Менің Қазақстаным» әнін бірлесе орындады.
Дайындық факультетінің студенттері Наурыз мейрамының дәстүрі туралы ақпарат беріп, қобыз бен домбырада күй тарту етті.
Шетелдік қонақтар келе жатқан Наурызбен құттықтай отырып университетімізіге жетістіктер тілеп жылы шырай танытқан ұжымға алғыстарын білдірді.