қазақша · русский · english
   
  Main / Mass media about us
12.05.2022

Орталық Азиядағы білімді трансформациялау

 


 

Дүниежүзілік банк Орталық Азия елдерімен әріптестігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Абай университетінде «Орталық Азиядағы білім беруді трансформациялау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Дүниежүзілік банктің Ал­ма­­ты­дағы өкілдігімен бір­ле­сіп ұйымдастырған дөңгелек үстелге еліміздің және әлем ел­дерінен білім саласындағы ха­лықаралық және аймақтық сарапшылар, сонымен қатар Абай университетінің Honors College жобасының 100 студенті қатысты.

 

Іс-шараны Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы адами капиталды дамыту бағ­дар­­ламаларының жетекшісі Сусанна Айрапетян жүргізді. Ал жиынды университет ректоры Дархан Біләлов ашып, Орталық Азиядағы білім беруді транс­формациялаудың ма­ңы­зын және еліміздегі же­тек­ші педагогикалық жоға­ры оқу ор­нының пандемиядан кейінгі кезеңде білім беру жүйесін қал­пына келтіру барысы туралы айтып өтті. Ректор сонымен бірге білім беру инновацияларын енгізу тәжірибесін, сондай-ақ әлемнің барлық жо­ға­ры оқу орындары тап болып отырған саладағы сын-қа­тер­лерге тоқталды. Бүгінгі таңда ын­ты­мақ­тастық, қажетті ақпа­рат­пен алмасу, ұлттық және ше­тел­дік ұйымдар тарапынан бір-біріне қолдау көрсету және ынтымақтастық қажет екенін де атап өтті.

 

Дүниежүзілік банктің білім беру саласындағы жаһан­дық тә­­жірибе бөлімінің басшысы Гарри Патринос «Орта­лық Азиядағы білім беру саласын­да­ғы өзгерістер: жаһан­дық перс­пек­тивалар» баяндамасында осы тақырыптағы зерттеу, пан­де­мияның аймақ пен әлем елдерінің экономикасы мен біліміне әсері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

 

Дөңгелек үстелге қатысу­шы­лар пандемиядан кейінгі білім беру жүйесін қалпына келтірудің халықаралық тәжірибесі және осы үдеріске көмектесетін білім берудегі инновациялар, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тә­жікстан және Өзбекстанда кез­де­сетін салалық мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Әлеу­меттік-экономикалық қал­пы­на келтіру кезеңіндегі білім беру жүйесін трансформациялау мүмкіндіктері туралы баян­да­малар жасап, тәжірибе алмас­ты.

 

11.05.2022 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz